Абай облысының геопорталын құру
Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы облыс аумағының кеңістіктік деректері мен электрондық карталарын көрсетуге арналған өңірлік геоақпараттық жүйе болып табылатын геопортал әзірледі. Портал жер учаскелері, инфрақұрылым және қала құрылысы деректері туралы ақпаратқа ыңғайлы қол жеткізу мақсатында билік, бизнес және халық үшін әзірленген. Жүйе географиялық ақпаратты орталықтандырылған сақтауды және өзектендіруді қамтамасыз етеді, бұл өңірдің аумақтық дамуын басқарудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Геопорталда Семей, Аягөз, Курчатов, Шар қалаларының, аудан орталықтарының және басқа да елді мекендердің цифрлық карталары орналасқан. Жүйе жер учаскелерін, ғимараттар мен құрылыстарды, көше-жол желісін, инженерлік коммуникацияларды, бас жоспарларды, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын және басқа да қала құрылысы регламенттерін қоса алғанда, әртүрлі геоақпараттық қабаттарды ұсынады.
Порталдың интерактивті картасы пайдаланушыларға объектілерді іздеуге, жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік объектілері туралы атрибуттық ақпаратты қарауға мүмкіндік береді.
Геопортал жергілікті атқарушы органдардың геоақпараттық порталдарына қойылатын бірыңғай талаптарға сәйкес әзірленді.
Бұдан басқа, осы геопорталда жер учаскелерінің кадастрлық бағалау құнын анықтамалық режимде есептеуге, сондай-ақ жер салығы мен жалдау ақысының құнын есептеуге мүмкіндік беретін жер учаскелерін онлайн бағалау модулі орналастырылған.
Барлық жобаларға оралу
