Қызылорда облысының базалық деңгейдегі Мемлекеттік қала құрылыс кадастрының Автоматтандырылған ақпараттық жүйесі


2015

Мемлекеттік қала құрылыс кадастрінің Автоматтандырылған ақпараттар жүйесі (МҚҚК ААЖ) – бұл картрографиялық және атрибутивті кеңістіктік пен координаттық деректерді жинау, сақтау, өңдеу, рұқсат беру, көрсету және таратуды қамтамасыз ететін Мемлекеттік қала құрылыс кадастрінің мамандандырылған ақпараттық жүйесі.

Автоматтандырылған қала құрылыс кадастрін құрастырудың мақсаты кадастрді жүргізу процесін автоматтандыру, қала құрылыс деректерін мұрағаттауды жүргізу, кадастр мамандарының жұмыстарын жеңілдету, қолданушы сұраныстарына тез жауап қайтару, қажетті қала құрылыс құжаттамасын құрастырып беру болып табылады.

МҚҚК ААЖ негізгі функциялары:

    • құрамында елді мекен мен қала құрылысты реттеу территориялары жайлы ақпаратты жинау, бақылау, жаңартуды қамтитын қала құрылыс кадастрін жүргізудің бірыңғай жүйесі;
    • қала құрылыс кадастрінің бірыңғай графикалық және атрибутивтік деректер қоры;
    • қала құрылыс деректерін мұрағаттауды жүргізу;
    • қолданушылардың сауалдарына жауап беру;
    • атқарушы және анықтамалық кадастрлік құжаттаманы құрастыру мен шығару (қала құрылыс кадастрінің объекті, субъекті бойынша құжаттар);
    жүйеде бірнеше қолданушылардың бір уақытта жұмыс істеу мүмкіндігі.


МҚҚК ААЖ тапсырмалары:

    • қала құрылыс пен сәулет-құрылыс құжаттамасын жүйелі жинау пен есептеу бойынша қала құрылыс кеңістігінің сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі бойынша бірыңғай ақпараттық ресурсын (деректер қорын) құрастыру;
    • сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметінің субъектілері үшін ашық және қол жетімді ақпараттық жүйені құрастыру;
    • қала құрылыс кеңістігінің дамуын басқару мақсатында заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану;
    • сыртқы ақпараттық жүйелермен автоматтандырылған ақпараттық ауыстытру;
    • қала құрылыс және сәулет-құрылыс құжаттамасының талаптарын орындауды бақылау жүйесін құрастыру.


Құрастырылған бағдарламалық жасақтама келесі функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
1) Электронды картада келесі қабаттарды көрсету:

  • әкімшілік-территориялық шекарасы;
  • ауылдардың, шағын аудандардыңәкімшілік-территориялық шекарасы;
  • көше-жол торабы;
  • ғимараттар мен құрылыстар және қажетті қабаттар.

2) Карта бойынша навигация:

  • картаны масштабтау;
  • картаның көрінетін аумағының орнын ауыстыру;
  • картадағы белгіленген аумақтың ауданын, периметрін және арасындағы қашықтығын өлшеу;
  • картадағы объектілерді белгілеу;
  • картадағы графикалық объектілерді іздеу;
  • қабаттар иерархиялық кестесін қолдану;
  • фильтрлерді қолдану арқылы атрибуттік мәліметтер бойынша объектіні іздеу.

3) Картаны басқару үшін қабаттар кестесін қолдану. Қабаттар кестесі, бұл иерархиялыққұрылымы бар графикалыққабаттар тізімі. Графикалыққабаттар үш түрге бөлінеді: нүктелік, сызықтық және полигоналдық. Қабаттар кестесінде графикалыққабатпен қоса расторлыққабаттар да бар. Соныменқатар, келесі функцияларды орындау үшін интерфейстер жиынтығын құрайды:

  • қабаттарды қосу және жою;
  • қабаттың икемдеуін өзгерту;
  • қабаттарды қосу және өшіру.

4) Объект бойынша мәліметтерді қарау:

  • керекті графикалық объектіні картада іздеу;
  • табылған графикалық объектіні картада белгілеу;
  • атрибуттар кестесі ретінде графикалық объекті бойынша атрибуттық мәліметтерді көрсету.

5) Графикалыққабаттармен жұмыс:

  • графикалыққабаттарды қосу және өшіру;
  • картадағы белгілі бір графикалыққабаттың ерекшелігін көру;
  • картадағы графикалық объектілердің стилін көру;

6) Ақпаратты баспаға шығару:

  • картаныңқазіргі кескінін баспаға шығару;
  • жинақ есебін құрастыру. Оның ішінде: есептіңүлгісін таңдау, үлгіні икемдеу, ақпаратты үлгі бойынша автоматты түрде құрастыру;
  • есепті алдын ала көру: басып шығарудың фрматын икемдеу, қағаздың орналасуы, өрістердіңөлшемдері;
  • есепті алдын ала қарау;
  • есепті қағазға шығару және қайтадан қолдану мүмкіндігімен сақтау.

7) Объектілерді сәйкестендіру – картада белгіленген объекті бойынша атрибуттық ақпаратты көрсету;

8) Жүйені қайта іске қосудан кейін жұмысты жаңарту үшін қолданушының икемдеуін сақтау;

9) Excel форматынан деректерді (объектілердің координаталарын) импорттау және картадағы графикалық объектілерге атрибуттық ақпаратты байлау.

10) Деректерді экспорттау.



Бағдарламамен жұмыс
Жүйеде жұмыс істеуді бастау үшін, авторизациялаудан өту қажет (1 сурет).


1 сурет – Авторизациялау терезесі


2 сурет – Жүйенің басты терезесі


Өзгертуге арналған құрал-саймандар панелі картада жаңа объектілерді құрастыруға және бар объектілерді өзгертуге мүмкіндік береді (3 сурет).


3 сурет – Өзгертуге арналған құрал-саймандар панелі


4 сурет – Объектіні құрастыру


Стандартты құрал-саймандар панелі масштабтау, картаның экстенті, карта аймағында бет белгілерді қосу, объектілерді іздеу, объектілердің ауданын, объектілер арасындағы қашықтықты көрсету, объектіні басып шығару операцияларын орындауға мүмкіндік береді.


5 сурет – «Сызғыш» құралын пайдалану процесі

Сәйкестендіру  – объектінің ГАЖ-мағлұматтарын, атрибуттық мәліметтерін, яғни объектінің мекен-жайы, объектінің түрі, объектінің ауданы және т.б. ақпаратты алуға мүмкіндік береді. 


6 сурет – Объектілерді сәйкестендіру

7 сурет – Көрсетілген радиуста объектілерді кеңістіктік іздеу

Қазіргі уақытта қолданушының экранында көрсетілген картаның бөлігі басып шығарылады. Карталардың бөліктерін басып шығаратын құралға шығару белгілі бір масштабта алдын ала анықталған үлгілер бойынша белгіленген қабаттарды көрсету арқылы жүргізіледі.

Басып шығару алдында қолданушы басып шығару үлгісін таңдау қажет. Құжаттарды басып шығаруға арналған үлгілер дегеніміз анықталған өрістері менөлшемдері бар дайын қағаз. Онда құжаттың формасы, картаның орналасуы, картаның тақырыбы және оның аңызы (шартты белгілердің мағынасын ашатын) икемделген. Басып шығаруға арналған үлгілердің тізімін өңдеуге болады.


8 сурет – Басып шығаруға арналған үлгіні таңдау


9 сурет – Құжатты басып шығару


Барлық жобаларға оралу