ҚР МҚҚК ААЖ базалық және облыстық деңгей үшін Web-интерфейсті құрастыру жобасы


2014

Мемлекеттік қала құрылыс кадастрінің Автоматтандырылған ақпараттар жүйесі (МҚҚК ААЖ) – бұл картрографиялық және атрибутивті кеңістіктік пен координаттық деректерді жинау, сақтау, өңдеу, рұқсат беру, көрсету және таратуды қамтамасыз ететін Мемлекеттік қала құрылыс кадастрінің мамандандырылған ақпараттық жүйесі.

Автоматтандырылған қала құрылыс кадастрін құрастырудың мақсаты кадастрді жүргізу процесін автоматтандыру, қала құрылыс деректерін мұрағаттауды жүргізу, кадастр мамандарының жұмыстарын жеңілдету, қолданушы сұраныстарына тез жауап қайтару, қажетті қала құрылыс құжаттамасын құрастырып беру болып табылады. 

МҚҚК ААЖ негізгі функциялары:

  • құрамында елді мекен мен қала құрылысты реттеу территориялары жайлы ақпаратты жинау, бақылау, жаңартуды қамтитын қала құрылыс кадастрін жүргізудің бірыңғай жүйесі;
  • қала құрылыс кадастрінің бірыңғай графикалық және атрибутивтік деректер қоры;
  • қала құрылыс деректерін мұрағаттауды жүргізу;
  • қолданушылардың сауалдарына жауап беру;
  • атқарушы және анықтамалық кадастрлік құжаттаманы құрастыру мен шығару (қала құрылыс кадастрінің объекті, субъекті бойынша құжаттар);
  • жүйеде бірнеше қолданушылардың бір уақытта жұмыс істеу мүмкіндігі.


МҚҚК ААЖ тапсырмалары:

  • қала құрылыс пен сәулет-құрылыс құжаттамасын жүйелі жинау пен есептеу бойынша қала құрылыс кеңістігінің сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі бойынша бірыңғай ақпараттық ресурсын (деректер қорын) құрастыру;
  • сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметінің субъектілері үшін ашық және қол жетімді ақпараттық жүйені құрастыру;
  • қала құрылыс кеңістігінің дамуын басқару мақсатында заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану;
  • сыртқы ақпараттық жүйелермен автоматтандырылған ақпараттық ауыстытру;
  • қала құрылыс және сәулет-құрылыс құжаттамасының талаптарын орындауды бақылау жүйесін құрастыру;
  • сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі саласында «Электронды Үкімет» сегментін құрастыру.


МҚҚК құрамындағы ақпарат елесі жағдайларда қолданылады:

  • елді-мекендер мен қала құрылыс реттеуіндегі басқа территориялардың дамуын болжау, жобалау мен құрастыру бойынша есептерді шешу;
  • тұрғын-үй мен азаматтық, өндірістік, коммуналды объектілерді орналастыру, жобалау, құрастыру мен қайта құру;
  • сәулет және қала құрылыс ескерткіштерін қорғау, тарихи мекендерді қайта жасау;
  • әлеуметтік, инженерлік және көліктік инфрақұрылымдықұрастыру;
  • сәйкес территорияларда жер қатынастарын реттеу;
  • территорияның экономикалық аймақтарын анықтау, жергілікті шарттарды ескере отырып жер телімдерінің, ғимараттар мен құрылыстардың құны менсалық орнату мөлшерін негіздеу;
  • қала құрылыс реттеулерін ескере отырып меншік бөлігінде жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу;
  • ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері және пайдаланушыларды есепке алу;
  • территориялық ресурстарды рационалды қолдануды бақылау;
  • бекітілген қала құрылыс құжаттамасын жасаудың сараптамасы және т.б.


Бағдарламада жұмысты бастау үшін авторизациялау процедурасын өту қажет (1 сурет).


1 сурет – Авторизациялау терезесі


Авторизациялау процесі өткен соң бағдарламаның басты терезесі ашылады (2 сурет ).

2 сурет – Бағдарламаның басты терезесі

«Графикалық деректер» бөлімінде қолданушыға картамен жұмыс істеу, картаның қабттарын басқару, картаны өзгерту және қажетті фрагментті басып шығаруға мүмкіндік береді. Терезе алты бөліктен құралған (3 сурет):
  1. меню жолы – жүйедегі барлық бөлімдер тізімі;
  2. құрал-саймандар панелі – картадағы объектілермен жұмыс істеу үшін қажетті құрал-саймандар;
  3. сол жақтағы панелі - қабаттар тізімі;
  4. жұмыс алаңы – масштабтау, орын ауыстыру, объектілерді белгілеу, объектінің ерекшеліктерін көру, объектілерді өзгерту мүмкіндігі бар интерактивті карта;
  5. өзгерту панелі – картада орналасқан жаңа объектілерді құрастыру мен бар объектілерді өзгерту;
  6. қалып-күй жолы – тышқанның қазіргі координаталары, бағдарламалық жасақтама мен деректер қорының жағдайын көрсететін блок.


3 сурет – «Графикалық деректер» бөлімі

Терезенің сол жағында қабаттар тізімі орналасқан (4 сурет). Қабатты ашу арқылы шартты белгілерді көруге болады.


4 сурет – Қабаттар. Шартты белгілер

Құрал-саймандар панелі картамен және оның объектілермен жұмыс істеуге арналған (5 сурет).

5 сурет – Құрал-саймандар панелі

Өзгертуге арналған құрал-саймандар панелі картада жаңа объектілерді құрастыруға және бар объектілерді өзгертуге мүмкіндік береді (6 сурет).


6 сурет – Өзгерту үшін құрал-саймандар панелі


Әрі қарай бағдарламаның басқа бөлімдері қарастырылады.

«Атрибутивті деректер» бөлімінде қодланушыға объектілер, субъектілер, құжаттар мен мекен-жайларды көру, қосу, өзгерту операцияларын орындауға мүмкіндік береді. Терезе 7 бөліктен құралған (7 сурет):
  1. меню жолы – жүйе бөлімінің тізімі
  2. бөлімнің менюі – «Атрибутивті деректер» бөлімінің құрал-саймандары
  3. жұмыс алаңы – қажетті объекті бойынша ақпаратты көру
  4. қалып-күй жолы – тышқанның қазіргі координаталары, бағдарламалық жасақтама мен деректер қорының жағдайын көрсететін блок.

7 сурет – «Атрибутивті деректер» бөлімі

Атрибутивті деректердің толық тізімі терезенің сол жағында иерархиялық тізім түрінде көрсетілген (8 сурет).



8 сурет – Ашылған формадағы деректер тізімі

«Сауалдар мен есептер» бөлімінде қолданушыға сауалдар мен есептерді көру, қосу және өзгерту операцияларын орындауға мүмкіндік береді. Терезе 4 бөліктен құралған (9 сурет):
  1. меню жолы – жүйенің бөлімдер тізімі
  2. бөлім менюі – «Сауалдар мен есептер» бөлімінің құрал-саймандары
  3. жұмыс алаңы – қажетті объект бойынша ақпаратты көру
  4. қалып-күй жолы – тышқанның қазіргі координаталары, бағдарламалық жасақтама мен деректер қорының жағдайын көрсететін блок.

 9 сурет – «Сауалдар мен есептер» бөлімі

«НАА» (нормативті-анықтамалық ақпараты) бөлімінде қолданушыға құжттарды көруге және жүктеуге мүмкіндік береді. Терезе келесі бөліктерден құралған (10 сурет):
  1. меню жолы – жүйенің бөлімдер тізімі
  2. бөлім менюі – бірнеше бөліктерден құралған
  3. жұмыс алаңы – таңдалынған объекті бойынша деректер қорында бар құжаттар тізімі
  4. түпнұсқалық құжаттар - қосымша құжаттар
  5. қалып-күй жолы – бағдарламалық жасақтама мен деректер қорының жағдайын көрсететін блок.

10 сурет – «НАА» бөлімі

«Түпнұсқалық құжаттар» бөлімінде қолданушыға деректер қорындағы құжаттарды іздеуге, жүктеуге мүмкіндік береді. Терезе келесі бөліктерден құралған (11 сурет):
  1. меню жолы – жүйенің бөлімдер тізімі
  2. іздеу алаңы – көрсетілген критериялар бойынша тез іздеу
  3. құжаттар – деректер қорында бар түрі мен атауы бойынша сұрыпталған құжаттардың тізімі
  4. жазбаларды басқару
  5. қалып-күй жолы – тышқанның қазіргі координаталары, бағдарламалық жасақтама мен деректер қорының жағдайын көрсететін блок.

11 сурет – «Түпнұсқалық құжаттар» бөлімі


Барлық жобаларға оралу