Қалалардың интерактивті карталары негізінде Шығыс Қазақстан облысының геопорталын құру
Шығыс Қазақстан облысының (ШҚО) геоақпараттық инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыстар шеңберінде "Геоинфо" ЖШС мамандары геопорталдың облыстық нұсқасын жасады. Әзірленген геопортал 1:100 000-нан 1:2 000-ға дейінгі масштабта облыстың қалалары мен елді мекендерінің картографиялық деректерін біріктірді. Жоба жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) талаптарына қатаң сәйкес іске асырылды.
