Барлық жобалар

2024
Саран қаласы және Ақтас кенті елді мекендерінің векторлық карталарын өзектендіру

Векторлық карталарды жаңарту бойынша қызметтер көрсету шеңберінде Саран қаласы мен Ақтас кентінің елді мекендері үшін 1:2 000 масштабтағы карталарды толық өзектендіру жүргізілді. Жобаның мақсаты "Республикалық қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы" ШЖҚ РМК-ға кейіннен беру үшін ArcGIS форматында өзекті электрондық картографиялық негіз құру болды.

Толығырақ
Шығыс Қазақстан облысының геопорталын жаңғырту

2022 жылғы әкімшілік-аумақтық реформаға және Абай облысының құрылуына байланысты "Геоинфо" ЖШС мамандары Шығыс Қазақстан облысының Геопорталын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізді. Жобаның негізгі міндеті бірыңғай цифрлық картографиялық кеңістікті саралау және жаңа шекараларға сәйкес деректерді өзектендіру болды. Нәтижесінде ШҚО құрамынан Абай облысына кірген 2 қала мен 8 аудан бойынша деректер бөлінді.

Толығырақ